×

Қазақстан шекарасында тұрған ресейліктерге әскерге шақырту қағазы беріле бастады

Азаматтың қай қаладан келгені маңызды емес

 Еркеғали Болатұлы 28.09.2022 | 14:13
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Челябинск облысында Қазақстан аумағына өткісі келетіндер саны көбейген. Сонымен қатар, оларға шекарада әскерге шақырту қағазы беріле бастады деп хабарлады РИА Новости.

Өз азаматтарының Қазақстан шекарасынан кезекпен өтіп жатқанын Челябинск облысы бойынша федералды қауіпсіздік қызметі мәлімдеген. Соған сүйенсек, шекарада ешқандай шектеу жоқ, барлығы қалыпты режимде. Бірақ шекарашыларға әскерге шақырылған азаматтардың тізімі берілді.

«Егер тізімде бар адам шекараға келсе, оны жақын маңдағы әскери комиссариаттан өкілдер жеткенше ұстап, әскерге шақыру қағазын береді. Азаматтың қай қаладан келгені маңызды емес», – дейді ФҚҚ-ның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама