×

Елімізде ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді

«Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары болады

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 11:08
фото: ашық дереккөз

Елімізде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл мен Алматы облыстарында «Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары болады.

Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Олар теміржол, ұшақ, тікұшақпен және басқа да әскери техникамен келеді деп жоспарланып отыр», – делінген министрліктің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама