Halyq Uni логотип
×

АҚШ Иранға кезекті санкция жариялады

Ислам Республикасының бір топ құзырлы органдардың басшылары шектеуге ілінді

 Дастан Жұмабекұлы 23.09.2022 | 10:54
АҚШ Иранға кезекті санкция жариялады
фото: ашық дереккөз

АҚШ ирандық Махса Аминидің қазасына байланысты Иранның моральдық полициясына санкция жариялады.

Бұл туралы Құрама Штаттардың Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен бірге санкциялар Иранның құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Киюмарс Хейдариге, барлау және қауіпсіздік министрлігіне, Басиж қарсыласу күштеріне және елдің құқық қорғау күштеріне қарсы енгізілді.

22 жастағы Иран азаматы Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстап, кейін ол тіртіп сақшылардың қолынан қайтыс болған дерек бар. Оның өлімінен кейін халық көтеріліске шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама