×

Елорда әкімдігі «ЦУМ-ды» 9,5 млрд теңгеге сатып алған

Sine Tempore ғимараты жайлы тың дерек шықты

 Халық үні 15.02.2022 | 17:39
фото: елорда әкімдігі

Астана әкімдігі «ЦУМ» туралы ақпарат жариялады.

Ведомство мәліметінше, қазір Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты 30-дан астам ұйымы мен басқармалары жеке тұлғалардан үй-жайларды жалға алады. Осы себепті жалға алынған орындарға жыл сайын 1 миллиард теңгеге жуық ақы төлейді. Жалдау құны жыл сайын өсетіндіктен, бұл сома көбейе береді.

Жоғарыда айтылғандарды және осы ұйымдардың түрлі ауданда орналасқанын ескерсек, басқармалар мен әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін жеке бір ғимарат қажет. Осылайша, Sine Tempore ғимаратын сатып алу арқылы қаражатты үнемдеп қана қоймай, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді (ғимарат әкімдік жанында орналасқан), – дейді ведомство.

2020 жылы екі компания аталмыш нысанды бағалаған. Оның негізінде бір компания 12,6 млрд теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 млрд теңгені көрсеткен. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 9,5 млрд теңге көрсетілген болатын.

«Ұсынылған ең төменгі сомаға ғимаратты сатып алу қалалық мәслихат келісімімен жүзеге асты», – делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама