Halyq Uni логотип
×

Қостанайда компания басшылығынан 100 млн теңге бопсалаған күдікті сотталды

Ол ЖШС-ны борышкерлер тізіміне енгізу үшін ақша сұраған

 Динара Амантай 19.09.2022 | 15:47
Қостанайда компания басшылығынан 100 млн теңге бопсалаған күдікті сотталды
Фото: Halyq Uni

Қостанайда компанияның банкроттық меңгерушісі коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды, – делінген хабарламада.

Күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама