Halyq Uni логотип
×

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 36 қырғызстандық қаза тапты

129 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті

 Динара Амантай 18.09.2022 | 12:44
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 36 қырғызстандық қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстың салдарынан тағы тағы 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап.

Қаза тапқан адамдардың мәйіті Баткен денсаулық сақтау ұйымдарына келіп түсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Баткен облысындағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 36 адамға жеткен.

129 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен, оның 7-і амбулаторлық емделуге жіберілді, 79-ы Бішкекке жөнелтілді.

Аталған жағдайға байланысты Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Еске сала кетсек, 14 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Лейлек және Баткен өңірлеріндегі елді мекендер оқ жаудырды. Денсаулық сақтау министрлігі 129 адам құрбан болып, 36 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан Баткен және Лейлек аудандарындағы жеті ауылдың, Ош облысының Шоң-Алай ауданындағы Жекенді ауылының тұрғындары үйлерін тастап кеткен.

Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон қыркүйектің 16-сы күні атысты тоқтату туралы келісімге келген. Кейін тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама