Түркияға 100 мыңға жуық долларды заңсыз әкетпек болған әйел ұсталды

Динара Амантай

Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды

Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияға бет алған Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған. Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды, – делінген хабарламада.

Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әуежайы арқылы қазақстандықтар 528 млн теңгені заңсыз алып өтпек болған еді.