×

Қанат Мусин Астана атауы қашан өзгеретінін айтты

Депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады

 Дәурен Ерболат 16.09.2022 | 12:12
Фото: aa.com.tr

Әділет министрі Қанат Мусин елорда атауы қашан ресми түрде өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Конституцияға өзгерістер енгізілді. Енді президент астананы қайта атау туралы Жарлыққа қол қояды және ресми түрде қала атауы өзгереді, - деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Қанат Мусин қала атауы қашан өзгеретінін нақты білмейтінін жеткізді.

«Мұны айта алмаймын. Президент шешімді қабылайды. Менің ойымша, Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енген соң өзгерістер болады», - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, осыған дейін әділет министрі қала атауы өзгерсе де, тұрғындар құжатын ауыстыруға міндетті емес екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама