Тексеру наурыз айының соңына дейін жалғасады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда соңғы үш жылда салынған үйдің бәрі тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq-Uni тілшісі.
Министрдің атап өтуінше, соңғы 3 жылда пайдалануға берілген көппәтерлі және жеке тұрғын үйдің барлығын тексеру жоспарланып отыр.
Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті нысандар тізімін жасап, наурыз айының соңына дейін статистика органдарымен және Әділет министрлігінің деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр республика бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынғаны туралы ақпаратқа күмәнмен қарайтынын айтып, оның қаншалықты дұрыс мәлімет екенін тексеруді тапсырды.