×

Байқоңырда экстремистік материалдарды таратқан адам ұсталды

Оған 107 205 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 16:23
фото: ашық дереккөз

Байқоңырда экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан жергілікті тұрғын ұсталды.

Қызылорда облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шара кезінде экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан деструктивті діни ағымын ұстанатын 38 жастағы Байқоныр қаласының тұрғынын ұстады. Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 107 205 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама