Halyq Uni логотип
×

Өскемен әуежайы басшылығына айыппұл салынды

Компания авиациялақ талаптарды жүйелі түрде бұзған

 Динара Амантай 13.09.2022 | 11:29
Өскемен әуежайы басшылығына айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

«Өскемен әуежайы» АҚ тексеру нәтижесінде жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 22-23 тамыз аралығында «Өскемен әуежайы» АҚ қызметінің авиациялық қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижелері бойынша жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 107 – бабына сәйкес әуежайдың бірінші басшысы Н.И. Короленко, оның орынбасары-әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. А. Григорьев және «Өскемен әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 570-бабының 1 және 2 бөлігі бойынша жалпы сомасы 480 АЕК (735 120 тг.) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада .

Еске сала кетсек, бұған дейін Air Astana авиакомпаниясына 21 млн теңгеден астам айыппұл салынғаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама