Қазақтың егіз қыздары беларусь азаматтарына тұрмысқа шықты

Еркеғали Болатұлы

Олар Беларусь медициналық университетіне оқуға түсіп, кейін жұмыс істеп, сол жақта қалып қойған

фото: дереккөз

Минск қаласында егіз жігіттер қазақтың егіз қыздарына үйленді деп, хабарлады Caravan.kz.

Неке қию рәсімін АХАЖ органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі республикалық байқау-конкурсының қатысушылары өткізді.

Жастар махаббатын Беларусь жерінде тапқан. Қазақ қыздары Беларусь медициналық университетіне оқуға түсіп, кейін жұмыс істеп, сол жақта қалып қойған.

Сергей ауруханада Меруертпен танысса, ал отбасылық кеште Александр Венераны кездестірген.