Олар боди массаж салондарында жезөкшелікпен айналысқан
Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7-9 қыркүйек аралығында өткізілген «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан екі жердегі боди массаж салондарында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды анықтаған.
Интимдік массаж қызметін көрсететін қыздар Алматы қаласының, Қарағанды, Павлодар облыстарының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың жеке басын анықтау үшін үш қыз қабылдау бөлмесіне орналастырылды. Барлық қыздар қылмыстық есепке қойылды, – делінген хабарламада.
Қазір притондар анықталған үй-жайлардың меншік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес құжаттарды жинау жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясымен 100 АЕК немесе 300 мың теңгеден астам айыппұл соммасы қарастырылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда полицейлер жезөкшелердің 4 притонын анықтағаны туралы жаздық.