Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Қазақстанда Сасықкөл көлінің атауын өзгерту ұсынылды

Бұған дейін Новомарковка ауылын Майлан етіп өзгерту туралы ұсыныс түскен болатын

 Дастан Жұмабекұлы 09.09.2022 | 17:30
Солтүстік Қазақстанда Сасықкөл көлінің атауын өзгерту ұсынылды
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Сасықкөл көлінің атауы өзгеруі мүмкін.

Атауды өзгерту туралы ұсыныс Үкіметтің тиісті қаулысында көрсетілген.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі аумағында орналасқан Сасықкөл көлінің атауы Мәриямкөл көлі болып аталсын, –  делінген қаулыда.

Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған. Одан кейін көлдің атауын өзгерту туралы шешім күшіне енеді.

Бұған дейін Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Еленовка ауылының атауы өзгертілген болатын. Ол Самалтау деп өзгертілді. Одан кейін Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Новомарковка ауылының атауын Майлан етіп өзгерту ұсыныс түсті. Бұл ұсыныс 22 қыркүйекке дейін халық талқысында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама