Былтыр арнайы зерттеу жүргізілген
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауыл тұрғындары арасында қандай аурулардың жиі кездесетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Былтыр біз ауқымды зерттеу жүргізіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы ұлттық баяндама жасадық. Нәтижесінде ауыл халқының басым бөлігі тыныс алу, ас қорыту мүшелері және қан айналы жүйесіндегі аурулармен ауыратыны анықталды, – деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Ажар Ғиният бүгінде ауылдарда 67 мың медициналық қызметкер еңбек етіп жүргенін атап өтті. Оның ішінде 13 мың дәрігер бар.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі 200 ауылда аурухана жоғын айтқан еді.