Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында электр бағанына соғылған мотоцикл жүргізуші көз жұмды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні сағат 15:35 шамасында Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде болған.
Полевая көшесінде келе жатқан «Honda» маркалы мотоциклдің жүргізушісі рульге ие бола алмай, электр бағанына соғылды. Соның салдарынан 33 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.
Аталған жағдайға байланысты бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижеcі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Еске сала кетссек, бұған дейін ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.