Қазақстан мен Ресей вакцина паспорттарын өзара тану мәселесін қарап жатыр
Қазір ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатыр екен
Қазақстан және Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрліктері вакциналау паспорттарын өзара тану алгоритмін келісті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары әрі тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қараған болатын.
Қазір COVID-19-дан вакциналанған және ауырып жазылған адамдар туралы мәліметтер алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатыр. Осы мәселе бойынша тараптар арасында түбегейлі келіспеушіліктер жоқ, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Ресеймен вакцинация паспорттарын өзара тану қажеттілігі мәселесі бірнеше рет жоғары деңгейде көтерілді. Денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте талқылап, ТМД, ЕАЭО алаңдарында да айтылды.
Қазір Президент Ресейде жұмыс сапарымен жүр. Тоқаев және Путин кездесуінде 11 құжатқа қол қойылғаны белгілі.