Тоқаев «Қазан Кремлін» аралап көрді
Президент жұмыс сапарымен Татарстан астанасында жүр
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болды.
Мемлекет басшысының Татарстанға сапары «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығына барудан басталды. Ондағы көрікті жерлерді Тоқаевқа Татарстан президенті Рустам Минниханов таныстырды. Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді, – дейді Ақорда.
Президент «Қазан Кремлі» аумағындағы «Құл Шариф» мешіті мен «Благовещенский» соборын аралады. Мешітте Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды. Благовещенский соборында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан әрі Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне шақырды.
Мемлекет басшысы мен Путиннің кездесуінде 11 құжатқа қол қойылғаны белгілі.