×

Қостанай облысындағы өрт туралы хабар кеш жеткен

Жел басталғанда тілсіз жаудың таралуы секундына 25 метрге дейін жеткен

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2022 | 15:26
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Қостанай облысындағы орман өрті туралы хабар кеш келген. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Ол өрттің тез таралуына жел себеп болғанын атап өтті.

Орман өрті туралы хабар кеш келгенімен келісемін. Шамамен 20 шақырым жерде болған. Бірден бірнеше шақырымда өрт тұтанған. Жел басталғанда өрттің таралуы секундына 25 метрге дейін жеткен. Соның кесірінен өртті сөндіру мүмкін болмайтындай өрт басталып кетті, –  дейді Ильин.

Оның айтуынша, өрт әлі толық сөндірілген жоқ. Өртті сөндіруге техника жеткілікті. Шамамен 250 техника бар. Өртті сөндірумен екі мыңға жуық адам айналысып жатыр. Өрттің аумағы 43 мың гектардан асты. Егістік жерлер, жалпы пайдалану орындары мен жайылымдар өртенді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама