×

«Есекке отырғандай». Әйелдің бесікті бұтына қыстырып «шапқылауы» қандай салт? (ВИДЕО)

Отырған адамдарды қамшы етіп ұстаған орамалмен ұрғылап, «сатып алыңдар» деп ақша алады

 Еркеғали Болатұлы 06.09.2022 | 14:38
фото: видеодан скриншот

Қазір әлеуметтік желіде баланы бесікке бөлеп, үстіне атша мініп алған әйелдің видеосы талқыланып жатыр. Бір қызығы, ол шілдеханаға ерлер де барған.

Оқырмандардың айтуынша, сәби бесікке бөленіп, әжесі бесіктің үстіне отырып, «шапқылайды» екен. Отырған адамдарды қамшы етіп ұстаған орамалмен ұрғылап, «сатып алыңдар» деп ақша жинайтын көрінеді.

Оны көрген жұрттың пікірлері де екіге жарылған. Бір тобы «Басында орамалы жоқ қандай әже?», «Есекке отырғандай отырып алғаны несі?» дегендей таңданыстарын білдірсе, енді біреулері «Бұл – батыстың бұрыннан келе жатқан нағыз салт-дәстүрі. Ана жерде отырған үлкен әжелер ақымақ емес қой» дегендей қарсы уәж айтып әлек.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, желі қолданушылардың айтуынша, бұл Маңғыстау облысында қолданылатын ырымға ұқсайды. Ал оны өзге өңірдегілер ерсі әрекет санап, тіпті қолданыстан алып тастағанды құп көріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама