×

Студенттерге білім алу үшін жылдық өсімі 2-3% несие беріледі – министр

2030 жылы түлектердің саны 300 мыңға өседі

 Дәурен Ерболат 03.09.2022 | 14:42
Фото: facebook.com

Студенттерге білім алу үшін жылдық өсімі 2-3% болатын несие беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол президент Жолдауы аясында білім беру гранттары мәселесіне тоқталды.

Мемлет басшысының бұл тапсырмасы демографиялық теңдік пен оқу құндылығы тұрғысынан өте өзекті болып саналады. Статистика бойынша 2030 жылға қарай мектеп түлектерінің саны 2 есе өсіп, 140 мыңнан 300 мыңға дейін өседі деген болжам бар. Білім алуға қаражат жинау құралы ретінде оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, балалар мен студенттердің жасына қарай мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін пайдалану мәселесі пысықтап жатырмыз. Сондықтан эскроу-шот арқылы ваучерлік жүйеге көшу, сараланған гранттар, яғни 30%-дан 100% беру ұсынылады. Сараланған грантты енгізу бойынша тәсілдер пысықталып жатыр. Нақты тәсілдер жақын арада ұсынылады, - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ведомсто басшысы студенттерге несие берудің қаралып жатқанын жеткізді.

«Талапкерлерге және студенттерге жылдық өсімі 2-3% болатын білім беру несиесін беру мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл жүйе студенттік несие алудағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Аталған барлық шара Жоғары білім беру сапасын арттыруға және студенттерге білім алу үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған», - деп түйіндеді сөзін Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама