×

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура рақымшылыққа қатысты пікір білдірді

Бұл оқиға бойынша жалпы 1 мыңға жуық адам сотталған

 Дәурен Ерболат 02.09.2022 | 11:08
Фото: mail.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қанша адам рақымшылыққа ілігетінін білмеймін. Себебі қазір бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Президент тапсырманы енді берді. Экстремистік қылмыс жасағандарға, тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарға рақымшылық жасалмайтынын білесіздер. Бүгінде қаңтар оқиғасы бойынша 1 мыңнан аса іс тергеліп, 1 мыңға жуық адам сотталды. Сондықтан мен қанша адамға рақымшылық жасалатынын айта алмаймын, - деді Әсет Шындалиев. 

Сондай-ақ ол тізім жасалғанда тиісті ақпарат берілетінін атап өтті. Бірақ оның қашан жарияланатынын айтқан жоқ.

«...Осыған дейін президент қаңтар оқиғасында жеңіл қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айырмауды, оларға адамгершілікпен қарау туралы айтқан. Бүгінде 983 адам сотталды. Оның ішінде 100-ден астамы нақты мерзімге немесе шартты түрде сотталған болатын», - деді ол.

Еске салайық, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама