×

Алматы облысында жетім балаларды ұрып-соққандар тергеліп жатыр (ВИДЕО)

Арнайы комиссия құрылып, материалдар сотқа жолданды

 Еркеғали Болатұлы 02.09.2022 | 11:01
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының тұрғындары асырап алған балаларын соққыға жыққан. Жергілікті полиция оған қатысты видеоға қатысты түсініктеме берді.

Айта кетсек, 27 тамыз күні Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұрып-соғылғандығы жайында ақпарат келіп түскен.

Бұл жағдай бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды.

Арнайы комиссия құрылып, материалдар сотқа жолданды. Ал тәрбиеленушілер біраз уақытқа «Солнышко» балалар үйіне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама