×

СҚО-да әкімдіктің бөлім басшысы сотталып кетті

Оның сыбайластары да бас бостандықтарынан айырылды

 Динара Амантай 01.09.2022 | 11:07
ernur.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің экс-басшысы мен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы Петропавл қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық топ бюджетке 60 млн теңгеден аса шығын келтірген. Олар бөлімдегі әр қызметкерге ай сайын 500 мың теңге шамасында сыйақы тағайындап, кейін оны өздері алып отырған. Негізсіз қаржыландыру көлемін ұлғайтып, ал «үнемдеуден» түскен қаржыны «сыйақыға» жіберген.

2021 жылғы 13 ақпанда Қ. лауазымды тұлға бола тұра, шарттар жасасқаны үшін, сондай-ақ осы қызметтерді көрсету актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін С.Ж.-дан 1,5 млн теңге көлемінде пара алған. 2021 жылғы ақпаннан 15 наурызға дейінгі кезеңде К.Б., А.А. орындалмаған жұмысқа осы қызметтердің көрсетілгені туралы актілерге қол қойған. Жеке кәсіпкер С.М. нақты жұмыстарды орындамаса да, оған бөлім басшысы төлем ретінде 2 млн теңге сомасында ақша аударған. Оның 1 690 000 теңгесін Б. және С. А. қалталарына басқан. Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші өкілдерінің айғақтарымен, куәгерлермен, жазбаша дәлелдемелермен, сондай-ақ сотталушы С.М.-ның мойындау айғақтарымен дәлелденді, - делінген хабарламада.

Сот бөлімнің экс-басшысы Қасенованы 4 жылға соттады. Ал оның сыбайластары С.Ж., С.А. және Б. үш және 2,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Б.-ның жас баласы болуына байланысты жаза 5 жылға кейінге шегерілді. Ал С.М-ның. кінәсін мойындап, өкініш білдіргені және бұрын сотталмағандығы ескеріліп, 19 млн 900 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама