Алматыда 2 млн теңгеге жуық айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Дастан Жұмабекұлы

Автокөлік Қырғызстанда тіркелген

фото: polisia.kz

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Әуезов ауданының полицейлері 1,8 млн теңгеге жуық айыппұлы бар «Toyota Ipsum» көлігінің жүргізушісін анықтап, автокөлікті айыппұл тұрағына қойды.

Минивенді 55 жастағы жергілікті тұрғын жүргізген.