×

Түркістан облысында шетелдік автобус жол апатына ұшырады

12 адам ауруханаға жүгінді

 Динара Амантай 27.08.2022 | 10:20
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында Өзбекстаннан Қырғызстанға кетіп бара жатқан автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы Ішкі істер министрігінің ақпараттық порталы хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін таңғы 07:18 шамасында Түлкібас аудандық полицияның кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетіп, салдарынан рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткенін анықтады.

Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетел азаматтары бар екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Қаза тапқандар жоқ, – делінген хабарламада.

Қазір аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама