×

Олимпиада жеңімпазы 4,7 млн теңге алды

Биыл дарынды балалар 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордтарын жаңартты

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 15:54
фото: gov.kz

Оғу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың жүлдегер оқушыларын салтанатты түрде марапаттады.

Биыл дарынды балалар 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордтарын жаңартты.

Салтанатты шарада министр биыл құттықтаудың өзі де балалар, олардың ата-аналары және мұғалімдер үшін ерекше қуанышты болғанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық.

Бұл президенттің дарынды балаларды ынталандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмасынан кейін мүмкін болды. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады, –  деді ол іс-шарада.

Оның айтуынша, биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады.

Біз еліміздегі барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізудің ашықтығына ерекше назар аударуды жалғастыра береміз.

Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем алады, –  деді министр.

Іс-шарада Аймағамбетов дарынды балалардың ата-аналарына да алғыс хаттар табыс етіп, халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, олардың әке-шешелеріне алғысын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама