23 тамыз – мұқтаж оқушылар үшін ақша аударатын соңғы күн
Барлығы 475 мың азаматқа көмек көрсетіледі
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен өткен жиында осындай тапсырма берді.
Биыл «Жалпыға міндетті білім беру» қоры бойынша барлығы 475 мың азаматқа көмек көрсетіледі деп жоспарланған.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов өткен жылы бір және одан да көп мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз етуді тапсырды. Ал 1 қыркүйектен бастап педагогтер 5 күндік жұмыс аптасына көшіріледі.