×

Мұғалімдер артық жүктемеден босатылады – Аймағамбетов

Пәтерлерді аралап, балалардың санын жазу сияқты жұмыстар ұмытылды

 Динара Амантай 19.08.2022 | 14:25
Фото: bugin.kz

Соңғы жылдары мұғалімдердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде педагогтерді артық жүктемелерден босатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясы барысында айтты.

Оның айтуынша мемлекет басшысының қолдауының арқасында білім саласындағы көптеген түйткілді мәселелер шешімін тапты.

Осы бағытта атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі – мұғалімдерді түрлі шараларда қосымша күш ретінде пайдалануды тоқтату. Осы уақытқа дейін барлық іс-шаралар, және бұл туралы Елбасының өзі де бір емес, бірнеше рет айтқан, міндетті түрде ұстаздарымыздың қатысуымен өткен еді. Менің ойымша, біз мұндай қажетсіз әрекеттерді іс жүзінде тоқтаттық. Мұғалімдерді негізгі міндеттерінен тыс қызметтерден босату шаралары қабылданып жатыр. Біз пәтерден пәтерді жаяу жүріп аралап, есік қағып, балаларды санын жазу сияқты керексіз жұмыстар туралы ұмытып та кеттік. Мемлекет басшысының қолдауымен мұғалімдер әдеттен тыс есептер мен қызметтерден, артық жүктемелерден босатылды, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен бірге ведомство басшысы бұдан былай мұғалімдер министрліктің бұйрығына сәйкес күнделікті екі құжатты ғана толтыруы керек екендігін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Аймағамбетовтың барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшетіні туралы айтқанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама