Оларға 85,5 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынды
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден аса сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Сонымен бірге, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынғаны белгілі болды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алып жүргенін жариялағаны туралы жаздқық.