×

Қазақстанда кімдер 4,5 млн теңге жалақы алады?

Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 50 мың теңгеге жетпейтіндердің үлесі 38,7 пайызға төмендеген

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2022 | 15:09
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алып жүргенін жариялады.

Сонымен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақы «Азаматтық құрылыс» саласындағы басқарушыда (коммерциялық қызметте) – 4,5 млн теңге сомасында, сондай-ақ «Шикі мұнай және табиғи газ өндіру» саласындағы бас директорда – 3,9 млн теңге және «Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату» саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директорда – 3,9 млн теңге болып белгіленген.

Назар аударамыз, жалақы мөлшері лауазымға және экономикалық қызмет түрі, аймақ, біліктілік, жұмыс өтілі және басқалары сияқты маңызды факторларға байланысты, - деп жазылған ҚазАқпараттың ресми сауалына жолданған жауапта.

Ең жоғары айлықтың көлемі 3,9 млн теңгеден басталады десек, оны алатындардың ішінде еңбекке жарамды халықтың үлесі 0,1 пайызға да жетпейтін көрінеді. Ал 275 мың теңгеден асатын жалақыны 28,4 пайыз адам алады.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асқаны туралы мәлімет таратқан еді. Сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 50 мың теңгеге жетпейтіндердің үлесі 50 пайыздан 38,7 пайызға төмендеген. Орташа зейнетақы мөлшері болса, керісінше, 117,4 мың теңгеден 109,1 мың теңгеге түсіп кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама