Олар бейнебақылау камералары арқылы анықталады
Елорданың мәслихат депутаттары тұрғындарға жерге түкіргені үшін жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Олар бейнебақылау камераларын пайдалануды ұсынды. Бұл шаралар тәртіп бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылып, оларға әкімшілік айыппұл салынады.
Осындай жағдайға куә болған тұрғындар полицияға хабарласуы керек. Олар сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса беруі қажет, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін жерге түкіре беретін қазақстандықтар жазалануы мүмкін екені хабарланған еді.