Алматыда 1-сынып оқушысын жоғары сынып ұлдарының зорлағаны расталмады

Еркеғали Болатұлы

Мектеп директоры баланың ата-анасын жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына тапсыра алатынын ескертті

фото: ашық дереккөз

Алматыдағы жеке мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат расталмады. Бұл туралы білім ошағының директоры полиция департаментінің берген жауабы бойынша мәлімдеді.

Еуразия бірінші телеарнасы директордың «жоғары сынып оқушылары зорлық-зомбылық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр» дегенін хабарлады. Өйткені полиция бұл жағдайды растамаған.

Біз полиция бөліміне бірнеше рет жүгіндік. Сонымен олардан бізге берілген ақпарат пен фактілердің барлығы расталмағыны туралы хабар алдық. Біз оларды жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына тапсыра аламыз, – деді мектеп директоры Бахытжан Нұрматова.

Еске сала кетсек, бұған дейін баланың ата-анасы ұлын жоғары сынып оқушыларының дәретханада пышақпен қорқытып, бірнеше рет зорлағанын айтқан болатын.