Павлодарлық полицейлер дәретханаға қызметтік құжаттарды пайдаланған

Еркеғали Болатұлы

Бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарау еш нәтиже берген жоқ

фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының полиция департаментіндегі дәретханадан табылған құжаттарға қатысты тексеріс жүргізілді. Алайда кінәлілер табылмапты. Полицейлердің мәлімдеуінше, оны анықтау мүмкін болмаған.

Бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарау еш нәтиже берген жоқ. Себебі жазба тек 30 тәулік сақталады, – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, биыл сәуірде алматылық адвокат қоқыс шелегінде жатқан құжаттардың суретін жариялаған болатын. Оның айтуынша, Павлодар облыстық полиция департаментінің ғимаратында қызметтік құжаттар дәретхана қағазының орнына пайдаланылған.