Оралда полиция басқармасы бастығының орынбасары қамауға алынды

Халық үні

Полиция өкілі пара алды деген күдікпен ұсталды

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Орал қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

«Ішкі істер министрлігі лауазымына және атағына қарамастан, пара алу және азаматтардың құқығын бұзу фактілеріне жол берген полицейлерге қатысты шара қолдануды жалғастыра береді. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полицейлердің атына кір келеді, – деді ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов.