Halyq Uni логотип
×

300 млн теңгеге жуық заңсыз пайда тапқан ақмолалық кәсіпкер сотталды

Оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

 Динара Амантай 16.08.2022 | 10:02
300 млн теңгеге жуық заңсыз пайда тапқан ақмолалық кәсіпкер сотталды
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты іс аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды, – делінген хабарламада.

Заңсыз әрекетінің нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайтын заңсыз пайда тапқан.

Сот үкімімен сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтейтін болды. Бұған қоса оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама