Halyq Uni логотип
×

Түркістан өңірінде алкогольді қолдан жасаған 3 цехтың жолы кесілді

Тінту кезінде 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық тәркіленді

 Динара Амантай 15.08.2022 | 16:02
Түркістан өңірінде алкогольді қолдан жасаған 3 цехтың жолы кесілді
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырған. Олар заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.

Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама