Алматыда сот ғимаратынан бомба табылмады
Қазір экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр
Алматыда қалалық сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Қазбек би көшесінде орналасқан сот ғимаратындағы тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ.
Қазір экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр. Оған қатысты шара қолданылатын болады, – деді ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бүгін Алматыда қалалық соттың ғимараты соттың поштасына қорқыту-үркіту сипатында түскен түрлі хабарламаға байланысты қоршауға алынған болатын.