×

Ертең Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі өтеді

Марқұмның жаназасы Ғылым академиясының ғимаратынан шығарылады

 Дастан Жұмабекұлы 15.08.2022 | 11:47
фото: ашық дереккөз

16 тамызда сағат 10.00-де Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратында  мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі өтеді.

Бұл туралы белгілі журналист Ермұрат Бапи хабарлады.

Қош, асыл аға!

16 тамыз күні сағат 10.00-де «Ғылым ордасында» (Ғылым академиясының ғимараты, Құрманғазы көшесі, 29 Уәлиханов көшесінің қиылысы) мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі өтеді.

Жаназалық асы сағат 13.00-да «Жалын» мейрамханасында (Достық даңғылы, 304) беріледі, –  деді ол.

Қонақасы бүгін, 15 тамызда сағат 19.00-де «Жалын» мейрамханасында  болады.

Балташ Тұрсымбаев кеше қайтыс болған еді. Оның отбасы мен жақындарына көптеген адам көңіл айтып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та марқұмның қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыс, бауырлары мен басқа да жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама