×

Алматы әкімдігі адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатпақ

Оларды орнатқан кезде үйлердің иелерінен рұқсат алынады

 Дәурен Ерболат 12.08.2022 | 16:31
Фото: tadviser.ru

Алматы әкімдігі жұрт көп жиылатын орындарда адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Тіпті, жергілікті билік бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірлеген.

«Ашық НҚА» сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін танитын бейнекамералар шамамен 2,2 метр биіктікте орнатылады. Алайда әкімдік камераны барынша төмен орнатуды ұсынып отыр. Нәтижесінде адамның бет-бейнесі анық түседі.

Сондай-ақ бетті тану үшін бейнекамераларға төмен техникалық талаптар қойылады:

  • тәуелсіз параметрмен қос ағынды қолдау;
  • 4 метрден тану дистанциясы кезінде – 1920х1080 пиксельден кем емес, ал 4 метрге дейін тану дистанциясы кезінде - 1280х720 пиксельден кем емес;
  • кадр жиілігі – секундына 25 кадр;
  • тұрақты тоқ – 12 вольт;
  • көшедегі бейнекамералар үшін – 45 градус +55 градус, ал іште орнатылатын бейнекамералар үшін 0-ден +55 градусқа дейін.

Сондай-ақ құжатта адамның бет-бейнесін тану тәртібі де жазылған. Негізгі талаптар:

  • бейнедегі тұлға алдыңғы қатарда тұруы;
  • бастың айналуы, қисаюы және ауытқуы кез-келген бағытта 5 градустан төмен болуы;
  • жарықтың бетіне біркелкі түсуі;
  • адам кескіннің кем дегенде 60%-ын алуы. Суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмауы тиіс.

Камераларды орнату кезінде үйлердің иелерінен рұқсат алынады.

Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама