×

Бүгін Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді

Оған Президент те қатысады

 Қымбат Елтайқызы 04.02.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды. Ол XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

Ал 5 ақпанда Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ, – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде.

Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін сағат 17:55-те Хабар, El Аrna, Qazaqstan және Qazsport арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемдік дода 4 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама