Олар сот үкімімен 15 тәулікке қамалды
Нұр-Сұлтанда полициядан қашқан жүргізуші мен жолаушы көлік нөмірін ұрлау дерегіне қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданының полиция басқармасына астаналық тұрғын хабарласып, белгісіз біреулер оған тиесілі Kia Rio автокөлігінің мемлекеттік нөмірін ұрлағанын айтқан.
Ол әлеуметтік желілерде тараған видеодан полициядан қашқан Toyota Camry жүргізушісі мен жолаушының қалай ұсталғанын көрген әрі көліктің жүксалғышынан өзінің мемлекеттік нөмірін таныған. Тіпті оған көліктің жылдамдығын асырғаны үшін айыппұлдар туралы хабарламалар келген.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі сотса дәлелденсе, олар 61 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, елордада полицейлер Toyota Camry-ді қуып жүріп, әрең тоқтатқан еді. Көліктің жүргізушісі мен жолаушыға сот үкімі шыққан болатын.