Головкин «Канелоға» қарсы қалай жаттығып жатқанын көрсетті

Дастан Жұмабекұлы

Боксшылардың жекпе-жегі 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болады

фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жеке қалай жаттығып жатқанын көрсетті.

Боксшы Twitter-де жаттығу жасап жатқан видеосын жариялады.

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жектен кейінгі жоспарын айтты. Бұл туралы reviewjournal.com порталы хабарлады.

Қазір жекпе-жекке жақсы дайындалып жүрмін. Айқасқа дайынмын. Егер жеңсем, бұл менің карьерамдағы ең үлкен жеңіс болады. Жеңіске қатты қуанамын, – деді Головкин. 

Боксшылардың жекпе-жегі 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болады. Кездесуде екінші орта салмақтағы WBA Super, WBC, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұл трилогияны жер-жүзіндегі бокс сүйер қауымның бәрі тағатсыздана күтіп отыр.