Саясаткер мінберде өлім туралы уағыз айтып, қайтыс болды

Дастан Жұмабекұлы

Сендер қай жерде болсаңдар, қай жерде жүрсеңдер де ажалдан құтыла алмайсыңдар!, - деді ол

фото: 360tv.ru

Сауд Арабиясының дипломаты Мұхаммед әл-Кахтани Египеттің Каир қаласында өткен Араб-Африка конференциясы кезінде мінберде сөз сөйлеп жатқанда шалқасынан құлап, қайтыс болды.

Оның соңғы сөзі өлім туралы уағыз болған.

Сендер қай жерде болсаңдар, қай жерде жүрсеңдер де ажалдан құтыла алмайсыңдар!, –  деп шалқасынан құлап, қайтты.

Араб дипломаты 46 жаста еді.