×

Алматыда сотталған балаларға короновирусқа қарсы екпе салынды

Балалар колониясында екпе салудың екінші кезеңі де жүзеге асырылды

 Динара Амантай 09.08.2022 | 15:42
Фото: polisia.kz

Алматы қаласындағы балалар колониясындағы сотталушыларға короновирусқа қарсы екпе салынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, індетке қарсы вакцина алу жұмыстары бас бостандығынан айыру орындарында жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Алматы қаласындағы балалар колониясында 18 жасқа толған, мекемеге жаңадан келген сотталған балаларға екпе салынды. Аталған жұмысты жүзеге асырған Алматы қаласының №5 ауруханасының медицина қызметкерлері жасөспірімдерге вакцинадан кейін қандай реакция болуы мүмкін, сол кезде өзіңді қалай ұстау керектігін түсіндірді, – деп мәлімдеді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға да короновирустық инфекциядан сақтану мен вакцина алудың маңызы туралы кеңес берілгені белгілі болды. Балалар колониясында екпе салудың екінші кезеңі де талапқа сай жүзеге асырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама