×

Елордалық оқушы Көкшетауда синтетикалық есірткі таратқан

Одан сол күні синтетикаларды қойған орындар анықталып, барлығы 118 орама қалташа алынды

 Еркеғали Болатұлы 09.08.2022 | 13:49
фото: ашық дереккөз

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, оны тінту барысында ақ түсті ұнтақ тәрізді 17 орама табылған. Бұл – әрқайсысы шамамен 8 грамм болатын мефедрон препараты.

Одан бөлек, есірткі салған орындарды суретке түсірген ұялы телефон тәркіленіп отыр. Сол арқылы ұсталған күні синтетикаларды қойған орындар анықталып, барлығы 118 орама қалташа алынды.

Айта кетсек, 17 жастағы жеткіншек маусым айында жеткізуші ретінде жұмысқа орналасқан. Кейін әлеуметтік желі арқылы Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларының аумағында есірткі салу жөніндегі нұсқаулықтарды алып жүрген.

Ол заңсыз әрекеті үшін төлемді криптовалюта түрінде алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама