×

Әйелін қызғаныштан өлтірген көкшетаулық азамат сотталды

Ол зардап шеккен тарапқа 5 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге тиіс

 Динара Амантай 09.08.2022 | 09:43
Фото: ашық дереккөз

Көкшетау тұрғыны әйелін өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны мас күйінде әйелін өлтірген. Қылмыс 2022 жылдың ақпан айында Көкшетау қаласында болған. Екі баланың анасы белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесуі кезінде қызғанышқа толы күйеуі әйелге пышақпен іш аймағына кесіп-шаншып енген жарақат салған. Алған жарақаттың салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қаскүнем қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі сот сараптамасының көмегімен дәлелденді.

Қазір айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айырылып, қамалды, – делінген ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан басқа, ол зардап шеккен тарапқа бес миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге тиіс болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама