×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Бүгінде 25 мыңнна аса науқас вирустан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 09.08.2022 | 09:06
Фото: delfi.lt

Елімізде COVID-19 жұқтырғандардан гөрі дерттен айыққандар көбірек, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.  

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1128 дерегі тіркелді.

  • Нұр-Сұлтанда – 335,
  • Алматыда – 200
  • Шымкентте – 9,
  • Ақмола облысында – 65,
  • Ақтөбе облысында – 13,
  • Алматы облысында – 17,
  • Жетісу облысында – 40,
  • Атырау облысында – 7,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 17,
  • Абай облысында – 27,
  • Жамбыл облысында – 23,
  • Батыс Қазақстан облысында – 34,
  • Қарағанды облысында – 197,
  • Ұлытау облысында – 17,
  • Қостанай облысында – 8,
  • Қызылорда облысында – 13,
  • Маңғыстау облысында – 8,
  • Павлодар облысында – 80,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 11,
  • Түркістан облысында – 7.  

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 369 333-ке жетті.

Сондай-ақ 1691 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 950,
  • Алматыда – 147,
  • Атырау облысында – 7,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 25,
  • Батыс Қазақстан облысында - 14,
  • Қарағанды облысында – 357,
  • Ұлытау облысында – 39,
  • Қызылорда облысында – 69,
  • Маңғыстау облысында – 39,
  • Павлодар облысында – 33,
  • Түркістан облысында – 11.

Елімізде барлығы 1 329 423 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

9 тамыздағы мәлімет бойынша 26 548 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 456 пациент стационарда, 25 092 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 31 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ.
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше 1 373 адамнан коронавирус анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама