Halyq Uni логотип
×

12 вагон рельстен шықты: Пойыздар қозғалысы толық қалпына келді

«Мойынты-Сарышаған» учаскесіндегі пойыздар қозғалысы толығымен қалпына келтірілді

 Қымбат Елтайқызы 03.02.2022 | 11:00
12 вагон рельстен шықты: Пойыздар қозғалысы толық қалпына келді
фото: kris_p_kz

Кеше Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Теміржол бойындағы апатқа байланысты алты бағыт бойынша жолаушылар пойызы тоқтады. Жүк құрамында бидай болған. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. 

Ал бүгін Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келді. Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200 жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеп жатыр, – дейді ҚТЖ.

Теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен пойыздар қозғалысы ашылды. Барлық теміржол бөлімшесінің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде пойыздар қозғалысын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Жолдан шығып кету себебі - ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы. Тексеру қорытындысы бойынша келген залал үшін өтемақы кінәлі тараптан белгіленген тәртіппен талап етіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама