×

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

Теміржол бойындағы апатқа байланысты алты бағыт бойынша жолаушылар пойызы тоқтатылды

 Халық үні 02.02.2022 | 14:02
фото: kris_p_kz

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпан сағат 13.55-те жүк пойызының вагондары жолдан шығып кеткен.

Жүк құрамында бидай болған. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр, - деді ҚТЖ ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы.

Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мойынты-Сарышаған учаскесінде жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты келесідей жолаушылар пойыздары тоқтатылды:

  • «Павлодар-Шымкент» бағытындағы №45/46 пойызы;
  • №51/52 «Орал-Алматы-2» бағытындағы пойыз;
  • «Алматы-2-Петропавл» бағытындағы №105/106 пойызы;
  • №712/711 «Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы;
  • «Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №3/4 пойызы;
  • «Алматы-1-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №9/10 пойызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35